Главная | Мой профиль | Регистрация | Выход | Вход | RSSВоскресенье, 19.05.2024, 07:46

Всё для школьников и студентов Казахстана


Меню сайта
Форма входа
Привет:Гость
Мини-Чат

Материалы

Главная » Файлы » Құқық-Право

Қазақстан Республикасы конституциялық құқығының пәні, әдісі, және бастаулары
Чтобы скачивать файлы зарегистрируйтесь, или войдите под своим логином ] 06.04.2012, 21:44

1.     Конституциялық құқық пәні және құқық саласы ретінде.

         Конституциялық құқық – Қазақстан Республикасының құқық жүйесі салаларының бірі. Ол өзінің ішкі тұтастығымен сипатталатын құқықтық нормалар жүйесін білдіреді және басқа құқық жүйесінің нормаларынан ерекшеленеді. Ішкі тұтастық конституциялық нормаларға қоғамдық қатынастардың ерекшеліктерімен белгіленетін, солар арқылы реттелетін  жалпы белгілердің болатындығын білдіреді. Конституциялық құқық нормаларымен реттелетін қоғамдық қатынастар оның пәнің құрайды.

     Конституциялық құқық пәнінің өзіндік ерекшеліктері бар. Конституциялық құқық нормаларымен реттелетін қоғамдық қатынастар мемлекет және қоғам құрылымының негізін құрайды, сондай ақ мемлекеттік биліктің жүзеге асуымен тікелей байланысты жүргізіледі.

     Конституциялық құқық пәнін түсінудің теориялық, сондай ақ практикалық мәні бар. Онсыз Конституциялық құқықтың нормалары мен институттарына тән мәнін дұрыс түсінуге болмайды, орлардың құқықтық реттеудегі мәні мен рөлін ашып көрсету, құқықтық жүйедегі орнын анықтау мүмкін емес. Өйткені, нақты құқықтық әрекеттерді орындау кезінде, ең алдымен қай саланың нормасын қолдану қажеттігін анықтап алу керек Ал ол үшін, реттеудің нысаны болып табылатын қоғамдық қатынастар сипатын белгілеу қажет.

     Конституциялық құқық нормаларымен реттелетін қатынастар аясы мейлінше кең. Ол мемлекет пен қоғам өмірінің барлық салаларын: саяси, экономикалық, әлеуметтік, мәдени және басқа салаларды қамтиды. Әрине конституциялық құқық нормалары аталған салаларды барлық көріністері бойынша және жан-жақты реттемейді. Ол аталған салаларда тек ең негізгі, базалық қабаттарды ғана реттейді. Бұл қабаттар мемлекет пен қоғамдағы кейін кең дамитын саяси, экономикалық, әлеуеттік, діни байланыстардың негізін қалайды.

     Конституциялық құқық, тұтас алғанда, құқықтың реттеу әдістері деп аталатын белгілі бір тәсілдер мен әдістердің көмегімен мемлекеттік және қоғамдық қатынастары реттейді. Конституциялық құқықтық қатынастарды реттеу үшін төмендегідей әдістер қолданылады:

1. Міндеттеу әдісі;

2. Тыйым салу әдісі;

3. Рұқсат ету әдісі;

4. Тану әдісі.

     Міндеттеу әдісі мемлекеттік органдарға сияқты, жеке тұлғаларға қатысты, олардың барлық қызмет саласында қолданылады.

     Контитуциялық құқықта тыйым салу әдісі де кең қолданылады. Бұл әдіс, көбіне мемлекеттік органарға, қоғамдық құрылымдарға қатысты қолданылады. Тыйым салу әдісі азаматтарға қатысты шектеулі жадайларда ғана қолданылады. ҚР Конституциясының 39 бабының  3 тарауында былай делінген: «Саяси себептер бойынша азаматтардың құқықтарымен бостандықтарын қандай да бір түрде шектеуге жол берілмейді». Конституция заңда қаралмаған әскерилендірілген құрамалар құруға тыйым салады.                            

     ҚР Конституциялық құқығы демократияның шынайы көрінісі болып табылатын рұқсат ету әдісін де кең қолданады. Мұндай әдіс көп жағдайларда адамдардың және азаматттардың мәртебесін белгілеу үшін қолданылады. Мысал ретінде әркімнің, заңмен белгіленгеннен басқа ретте, Қазақстан аумағында еркін жүріп тұруын және тұратын орнын еркін тандауын айтуға болады. Рұқсат ету әдісінің өзіндік ерекшелігі мынада, Конституция белгілі бір ауқым, шекке дейін еркін әрекет ету мүмкіндігін бере отырып, субъектінің әрекетін айтарлықтай шектей алады.

     Рұқсат ету әдісі мемлекеттік органдардың өкілеттігін белгілеу кезінде де қоланылады. Айталық, ҚР Конституциясының 53-бабының  3-тармағына сәйкес Парламент Платаларының бірлескен отырысында Президентке, оның бастамасы бойынша, әр палата депутаттары жалпы санының үштен екі дауысы мен бір жылдан аспайтын мерзімге заң шығару өкілеттігін беруге хақылы.

     Қазақстан Республикасының конституциялық құқығы құқықтық реттеудің тағы бір әдісі тану (танымау) әдісін де қолданады. Кеңестік кезеңнен кейінгі конституциялық құқық жөніндегі әдебиеттерде мұндай әдістің қолданылу мүмкіндігі байқалмайды. Оның үстіне бұл әдіс объективті факторлардан адамдардың табиғи құқығын заң тұрғысынан танудан туындайды. Мемлекет адамдардың таиғи құқығына рұқсат етеді емес, дәлірек айтқанда таниды. ҚР Конституциясының 12-бабының 2-тармағында былай деп жазылған: «Адам құқықтары мен бостандықтары әркімге тумысынан жазылған, олар абсолютті деп танылады, олардан ешкім айыра алмайды, заңдар мен өзге де нормативтік құқықтық актілердің мазмұны мен қолданылуы осыған қарай анықталады». Құқықтық реттеуді әдіс ретінде тану да конституцияның құқықтың демократиялық және адамгершілік мәнін сипаттайды.

 

2. Конституциялық құқықтың бастаулары мен жүйесі

Құқық ғылымында құқықтың заңдық бастаулары ұғымы қалыптасқан. Бұл орайда құқықтың бастаулары көрініс беретін нысандар ұғынылады. Құқықтық нормалар нормативтік құқықтық актілерде белгіленеді. Қазақстан Республикасының Конституциясында құқық бастауларын анықтауға қатысты бірқатар ерекше белгілер бар.

         Біріншіден, Конституцияда құқық нысандары (бастаулары) аталады. «Қазақстан Республикасында қолданылатын құқық Конституцияның, соған сай келетін заңдардың, өзге де нормативтік құқықтық актілердің, халықаралық шарттардың және өзге де Республиканың міндеттемелерінің, сондай–ақ Республика Конституциялық Кеңесінің және Жоғарғы Соты нормативтік қаулыларының нормалары болып табылады».(ҚР Конституциясы 4-б, 1-т).

         Көрсетілген конституциялық қағида құқық бастауларын жалпылай сипаттайды. Конституцияда көрсетілген нормативтік құқықтық актілердің нысандарының бәрі бірдей оның бастаулары болып табылмайды.

         Қазақстан Республикасының Конституциясы жариялаған мемлекет қызметінің принциптері: қоғамдық келісім және саяси тұрақтылық, бүкіл халықтың қажетіне орай экономикалық даму, қоғамдық патриотизм, мемлекет өмірінің мейлінше маңызды мәселелерін демократиялық әдістермен шешу қазақстандық құқықтың қайнар көзі қызметін атқарады.

         Конституцияның құқықтық нормалары сала ретінде конституциялық құқықтың тура және тікелей қайнар көзі болып табылады. Қазақстан Республикасының Конституциясының құқықтық нормалары қалайша құқықтың қайнар көзі ретінде сипатталады?

1.     Қазақстан Республикасында Конституция бүкіл конституциялық заңдардың негізі болып табылады, құқықтық нормалар орнықтырылады. Басқаша айтқанда, Конституцияның құқықтық нормалары конституциялық құқықтық қатынастарды реттейтін барлық нормативтік құқықтық актілерді қалыптастыру мен дамытудың негізі болып табылады.

2.     Қазақстан Республикасы Конституциясының құқықтық нормалары мемлекет пен қоғам өмірінің барлық салаларын: саяси, экономикалық, әлеуметтік, мәдени салаларды қамтиды. Әрине, Конституцияның құқықтық нормалары аталған салалардағы қоғамдық қатынастарды егжей‑тегжейлі және жан-жақты реттемейді. Ол тек қана қоғамдық қатынастардың мәнді, басты бағыттарын ғана реттейді. Қазақстан Республикасы Конституциясының құқықтық нормалары құқықтың басқа салаларының құқықтық нормаларынан осынысымен ерекшеленеді.

3.     Конституцияның құқықтың басқа бастауларымен салыстырғанда Қазақстан Республикасы Конституциясының жоғары заңдық күші бар және Қазақстанның барлық аумағында қолданылады. Қазақстан Республикасында қабылданған заңдар және басқа нормативтік актілер Конституциядан бастау алуы және оған қайшы келмеуі тиіс. Егер олар Конституцияға қайшы келсе, онда олар заңсыз деп танылады және қолдануға жатпайды. Қазақстан Республикасының Конституциясында оның қағидаларының жоғары заңдық күшін қамтамасыз етудің кепілдігі белгіленген

4.     Қазақстан Республикасы Конституциясының тек конституциялық құқықтың ғана емес сондай-ақ құқықтың басқа да салаларының бастауы ретіндегі мәні мынада, онда халықтың мемлекеттік еркі, олардың құқықтық демократиялық мемлекет құру, дүниежүзілік қауымдастыққа оның тең құқылы мүшесі ретінде қосылу жөніндегі табандылығы тікелей көрініс тапқан.

5.     Конституция құқықтың басқа бастауларынан, сондай-ақ тек мемлекеттің ғана емес сонымен бірге тұтастай қоғамның да негізгі екендігімен ерекшеленеді. Басқа нормативтік құқықтық актілер қоғам өмірінің жекелеген тараптарын қамтиды. Ал, Қазақстан Республикасының Конститутциясының идеялары, прициптері, құқықтық нормалары бүкіл қоғам өмірінің мейлінше мәнді бағыттарын реттейді: жекелеген адамды, азаматты, қоғамдық қызметтің барлық субъектілерін (бірлестіктерді, қозғалыстарды, өзін өзі басқару орандарынан және басқаларын) қамтиды.

6.     Сондай-ақ, Конституция конституциялық құқықтың басқа бастауларынан өзгерістер мен толықтырулар қабылдаудың ерекше тәртібін белгілеуімен ерекшеленді. Мұндай тәртіп Конституцияның мемлекет пен қоғамның негізгі заңы ретіндегі және олардың тұрақтылығын қамтамасыз ету қажеттігінен туындайтын мәнімен сипатталады.

7.     Қазақстан Республикасы Конституциясының құқықтың қайнар көзі ретіндегі тағы бір өзіндік қыры онда оның басқа қайнарларының нысандары: конституциялық, жәй заңдарды, Президенттің нормативтік жарлықтары мен қаулылары, ҚР Үкіметінің қаулылары, сондай-ақ, заңдық күшінің деңгейі, қабылдау, жариялау, күшін жою тәртібі көрсетіледі.

Қазақстан Республикасы Конституциялық құқығының мемлекеттік (республикалық) мәні бар құқықтық нормаларды белгілейтін қайнар көзінің қатарына конституциялық заңдар жатады. «Конституциялық заңдар» атауы ҚР Конституциясына енгізілген. Қазақстанның конституциялық заңдарының өзіндік ерекшелігі – олар Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізбейді, тек Конституцияның құқықтық нормаларын нақтылайды. ҚР Конституциялық заңдарын қабылдаудағы іс жүргізу Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы шешім қабылдаудағы іс жүргізуден осынысымен ерекшеленеді.

Жай заңдарда конституциялық құқықтың қайнар көзі болып табылады. Жай заңдарды Қазақстан Республикасының Парламенті қабылдайды. Қазақстан Республикасы Конституциясында қаралған жағдайда жай заңдарды Президентте қабылдай алады. Қазақстанның конституциялық құқығының қайнар көзіне азаматтық туралы, көші қон туралы және басқа жай заңдар жатады.

Қазақстан Республикасының мәжілісінің Регламенті, сенатының Регламенті, Парламенттің Регламенті, Парламент Палаталары құрған үйлестіруші және көмекші органдар туралы ереже конституциялық құқық салаларының қайнар көзі болып табылады.

Қазақстан Республикасы Конституциялық құқығының қайнар көзіне  ҚР Президентінің нормативтік жарлықтары да жатады. Президенттің нормативтік жарлықтары:

1.     Конституциялық заң күші бар жарлықтар

2.     Жай заң күші бар жарлықтар

3.     Заңға сәйкес нормативтік жарлықтар болып үш топқа бөлінеді.

Президенттің нормативтік жарлықтарының  бәрі бірдей конституциялық құқықтың қайнар көзі болып табылмайды. Ондай жарлықтар конституциялық құқықтық нормалардан тұратын нормативтік жарлықтар.

         ҚР Үкіметінің нормативтік құқықтық актілері конституциялық құқықтық, конституциялық құқықтық нормалардан тұратын сала ретіндегі қайнар көзі олып табылады.

         Қазақ КСР-ның мемлекеттік егемендігі туралы Декларацияның конституциялық құқықтың қайнар көзі ретіндегі мәні ерекше зор. Аталған декларация Кеңестер Одағы кезінде қабылданғанымен, ол кейін егемендіктің Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы заңда, 1993 жылғы және 1995 жылғы Конституцияда және басқа конституциялық актілерде бекітілген принциптерін жариялады.

         Қазақстан Республикасы таныған халықаралық актілердің нормалары да конституциялық құқықтың қайнар көзіне жатады. Ол адам құқығы, қоғамдық нормалардан тұруы мүмкін.

         Саланың қайнар көзіне жергілікті өкілетті органдардың, сондай- ақ конституциялық құқықтық нормалары (шешімдер, жарлықтар, ережелер) бар жергілікті өзін-өзі басқару органдарының нормативтік құқықтық актілері де жатады. Олардың кеңістіктегі заңдық күші шектеулі және олар жергілікиі сипатта болады.

 

3. Конституциялық құқық  ғылым саласы ретінде.

        


Для полной версии скачайте

    

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


 

 

Категория: Құқық-Право | Добавил: Администратор
Просмотров: 13265 | Загрузок: 43 | Комментарии: 4 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 4
4 Ерсін  
0
не могу найти глоссарий по этой предметы

3 Ainur  
0
spasibo

2 Ерзат  
0
не могу найти реферат

1 Ерзат  
0
Спасибо большое

Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Дисциплины
Заказать работу
Как вас зовут? *:
Ваш E-mail *:
Что бы вы хотели заказать? *:


Тема работы? *:
Оценка сайта:
Код безопасности *:

Наш опрос
Оцените мой сайт
Всего ответов: 96
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0

Лицензия 2024

Если Вы ищете рефераты, курсовые работы на казахском и русском языке, то Вы попали куда нужно. Сайт создан для школьников и студентов Казахстана. Наша база содержит рефераты, курсовые и дипломные работы на казахском и русском языке.

Сайт будет постоянно развиваться, приветствуются все замечания и предложения. В ближайшее время будут добавлены рефераты, курсовые работы по другим предметам.

Работы выставленные на сайте присланы студентами, и они все где-то сдавались, т.е. не являются уникальными. Однако они могут служит основой для Вашей собственной работы.

С уважением, администрация сайта.